ҚАЗАҚ ЖАЗУЫН ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ

АУЫСТЫРУ НЕГІЗДЕМЕСІ

 

Алтынбек Шәріпбай

 

I.    Өзектілік

Өзінің «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын Қазақстан Президенті Н.А. Назарбаев латын әліпбиіне көшіру Жобасын ұсынды:  «... біз қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. ... » .

Қазақ жазуының түп тамыры б.д. VI–X  ғғ. көне түркінің руникалық жазбалары. Көне түркі әліпбиінің бір үлгісі Күл-Тегіннің ескерткішінде қашап жазылған және алғаш рет 1893 жылы швед ғалымы Вильгельм Томсен ашқан орхон-енісей жазбасының таңбалары.  

 

II. Қазақ жазбасы бойынша тарихи мәліметтер.

XX-ғасырда қазақ тілі өзінің әліпбиін 3 рет ауыстырды. Бірінші рет 1912 жылы қазақ жазбасын араб графикасы негізінде жаңа әліпбиге көшірілді. Бұл үшін ол алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жүйелеп және нақтылап қазақ дыбыстары  28 дыбыс, оның ішінде 5 дауысты фонема, 19 дауыссыз фонемалар және 4 жіңішке дауыстыларды аллофондар (шындығында олар фонемалар) болады деп тұжырымдады. Бұл әліпбиді біздің елде 1929 жылға дейін пайдаланды, ал басқа елдегі, мысалы, Қытайдағы, Ауғаныстандағы және Ирандағы қазақтар, оған 3 (вы), (фы), (хы) дауыссыз дыбыстарын қосып осы күнге дейін пайдалануда. 1929 жылы араб графикасы негізіндегі әліпбиді латын графикасына ауыстырды. Үшінші рет 1940 жылы латын графикасы негізіндегі әліпбиді әріптік кирилл графикасы негізіндегі әліпбиге ауыстырды. Оған қазақ тіліне қатысы жоқ орыс тілінің дыбыстарын таңбалау үшін жаңа 10 әріп Ёё, Ии, Цц, Щщ, Ээ, Юю, Яя, Ьь, Ъъ қосты.  Мұнда соңғы екі әріп Ьь және Ъъ дауыссыз дыбыстардың жіңішкелігін және жуандығын таңбалау үшін сәйкес пайдаланылады. Бұл әліпби осы күнге дейін қоданыста жүр .


1-кесте. ХХ ғасырда қабылданған қазақ тілінің әліпбилері.


Дыбыс атаулары

Арабицада таңбалануы

Латиницада таңбалануы

Кириллицада таңбалануы

1         

(а)

ا

A а

A а

2         

(ә)

ٵ 

Ә ә

Ә ә

3         

(бы)

ب

B в

Б б

4         

(вы)

ۆ

Vv

В в

5         

(гі)

گ

G g

Г г

6         

(ғы )

ع

Ġ ģ

Ғ ғ

7         

(ды)

د

D d

Д д

8         

(е)

ه

E е

Е е

9         

(жы)

ج

Č č

Ж ж

10    

(зы)

ز

Z z

З з

11    

(й)

ي

J j

Й й

12    

(кі)

ك

K k

К к

13    

(қы)

ق

Q q

Қ қ

14    

(ыл)

ل

L l

Л л

15    

(мы)

م

M m

М м

16    

(ны)

ن

N n

Н н

17    

(ың)

ڭ

Ң ң

18    

(o)

و

O о

 О о

19    

(ө)

ٶ

Ө ө

Ө ө

20    

(пы)

پ

Р р

П п

21    

(ыр)

ر

R r

Р р

22    

(сы)

س

S s

С с

23    

(ты)

ت

T t

Т т

24    

(у)

ۋ

V v

У у

25    

(ұ)

ۇ

U u

Ұ ұ

26    

(ү)

ٷ

Y у

Ү ү

27    

(фы)

ف

F f

Ф ф

28    

(хы)

ح

H h

Х х

29    

(шы)

ش

C c

Ш ш

30    

(ы)

ى

Ь ь

Ы ы

31    

(і)

ٴى

I і

І і

 

IІI. Кириллицалағы қазақ жазбасындағы қайшылықтар

Кириллицалағы қазақ жазбасындағы қайшылақтарды көрсету үшін 2 мысал қарастырайық:

1.  Қазақ тілінде орыстың дауысты (и) және (у) дыбыстарын пайдалану қазақтың төл (ы), (і), (ұ), (ү) дыбыстарын ысырып тастады және қазақ орфографиясында қайшылықтар жасады. Мысалы, қазіргі кездегі жазуда «и» және «у» дыбыстарына аяқталатын «ми», «би»,  «ту», «гу» сияқты сөздердің тәуелдік жалғауларының үшінші жағында «ми+ы», «би+i», «ту+ы», «гу+і» болады. Бұлар “Қазақ тілінде тәуелдік жалғауларының үшінші жағында дауыссызбен аяқталатын сөздерге «ы» немесе «i»  жалғауы, ал дауыстыға аяқталатын сөздерге «сы» немесе «сі» жалғауы жалғанады” деген ережеге қайшы болады.

Егер қазақ тілінде (и) және (у) дыбыстарын дауыссыздар деп есептесек, онда «ми», «би», «ту», «гу» деген сөздерде бір де буын болмайды екен. Осыдан мынадай 2 сұрақ туады: «Қазақ тілінде жалғаулар ережелері дұрыс па?», «Қазақ тілінде ешбір буынсыз сөз бола ма?». Бұл сұрақтарды тудырмау үшін,  оларды  қазақтың дауысты дыбыстарын қолданып былай жазу керек «мый», «бій», «тұу», «гүу». Сонда қазақ тілінің түбір, буын және морфема деген айтылым бірліктері бұзылмай жазылады, яғни, жоғарыдағы жалғау  «мый+ы», «бій+і», «тұу+ы», «гүу+і» түрінде жалғанады.

Осыдан қазақ тілінде дауысты (и) дыбысы жоқ екендігі, ал қазір Уу әрпімен белгіленіп жүрген дауыссыз дыбыс (ў) екендігі шығады. Соңғы дыбыс орыс тілінде жоқ, бірақ ол ағылшын тілінде бар және оны халықаралық фонетикалық әліпбиде былай [w] таңбалайды. Орыс тіліндегі Уу әрпімен белгілеген дыбыстың халықаралық фонетикалық әліпбидегі таңбасы [u], яғни, қазақ тіліндегі дауыссыз [w] дыбысы мен орыс тіліндегі дауысты [u:] дыбысын, естілім ұқсастығына қарамай, өзара шатастырмау керек. Бұл “Қазақ тілінде сөз ішінде буын дауысты дыбыстан басталмайды” деген ережеге де сай келеді де, жоғарыдағы «мы-йы», «бі-йі», «бұ-уы», «гү- уі» түрінде буынға дұрыс бөлініп, қазақ сөзінің буын құрамын бұзбайды.

2.  Орыстың дауысты (ю) және (я) дыбыстары қолданыстағы қазақ орфографиясы бойынша көптеген сөздерде басқа дауыстылармен тіркесіп кездеседі. Мысалы, аю, ою, үю, ая, оя, ұя, бұлар «Түбір сөздерде екі дауысты дыбыс кездеспеуі керек» деген ережеге қайшы келеді. Сондықтан бұл орыс дыбыстарының орнына қазақтың төл дыбыстарының (йұу, йүу) және (йа, йә) тіркестерін сәйкес пайдалану керек. Сонда біз былай айұу, ойұу, үйүу, айа, ойа, ұйа  деп жазар едік. Бұлар қазақ тілінің ешбір ережесін бұзбайды,  оның ішінде буын құру және морфемдер жалғау ережелерін де.

Осындай қайшылықтар қазақ тілінің жазба мәдениетіне теріс әсерін тигізіп, сөздердің дұрыс жазылуына және терминдердің мағынасын дұрыс түсінуге кедергі жасап отыр. Сонымен қатар әртүрлі елдерде тұратын қазақтар бір-бірімен жазбаша қатынаса алмайды, себебі олар компьютерде қолдау көрсетілмеген әртүрлі әліпбиді пайдаланады, ал өз отанында тұратын қазақтар бір-бірімен толыққанды жазбаша араласа алмайды, себебі қазақ орфографиясындағы қайшылықтар уақыт өткен сайын ұлғаюда.   

Сондықтан, бұл қалыптасқан жағдайды түзету қажет. Ол үшін қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне негізделген әліпби құрып, жазбасына кешенді реформа жасау керек. Бұл реформаның алдыңғы кезекте шешілетін мәселелер мыналар: 

1.  Бұрынғы реформалардың нәтижелерін ескеріп қазақ тілінің дыбыстық жүйесін нақтылау. Мұнда кірме дыбыстар ішінен тек қазақ тіліне аударылмай кіретін халықаралық терминдерде болатын және қазақ тілінің ішкі заңдылықтарын бұзбайтындарын ғана қалдыру керек.

2.  Жаңа әліпбидің құрамын тек латиница негізінде анықтау. Мұнда жаңа әліпби ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жеңіл және тиімді пайдалануға мүмкіндік беруі керек.

3.  Қазақ тілінің жаңа орфоэпиялық және орфографиялық емле-ережелерін жасау.  Мұнда қазақ тіліне аударылмай кіретін терминдер қазақ тілінің заңдылықтарымен айтылуын және жазылуын талап ету керек. 

  Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін нақтылаған кезде, кірме дауыссыз (вы), (фы), (хы)  және дауысты (и), (у)  дыбыстары адамның тегін және халықаралық терминдерді жазғанда пайдаланып, қазақ тіліне етене еніп кеткендігін ескеру қажет. Мысалы, Вагнер, Хонекер, Форд, Иванов, Хомский, Хинчин, вагон,  вектор, вето, викторина, вирус, интернет, инвестор, институт, университет, универсам, хлор, хром, хроника, факт, файл, физика, факультет, федерация, филармония, фонетика, формула, функция. Бұл дыбыстардың қазақ тіліне терең енгендігі соншама, тіпті қазақ тілін ана тілім дегендердің артикуляциялайтын (дыбыстайтын) сөйлеу органдары осыларға бейімделіп кетті.

Аталған дыбыстардың барлығы жұрнақтар мен жалғаулардың құрамына кірмейді де, жаңа сөзжасамдарға және сөзпішіндерге қатыспайды. Сондықтан оларды қазақ тілінің жаңа әліпбиін құрғанда пайдалану керек. Одан қазақ тілі зардап шекпейді, керісінше олар халықаралық терминдердің айтылуы мен жазылуын олардың түпнұсқада айтылуына және жазылуына жақындатуға көмектеседі. Бірақ алдымен тіл дыбыстарын фонема мен аллофонға бөлгізетін лингвистикалық әдісті қолдану қажет.

Кез келген тілдің әліпбиінде фонеманың графемасы бар, ал аллофондар жоқ болады, бірақ ол Халықаралық фонетикалық әліпбиінде (ХФӘ) таңбаланып, басқа фонетикалық бірліктердің (морфема, сөз және т.б.) трансрипциясында қатысады.

Қазақ тілінің латын графикасы негізінде жаңа әліпбиін анықтау үшін дауыссыз (вы), (фы), (хы) дыбыстары фонемалар, ал дауысты (и), (и) дыбыстары қазақтың төл дауысты (і) және (ұ) фонемаларының аллофондары ретінде сәйкес есептеледі. 

Неге дауысты (і) және (ұ) дыбыстары қолданыстағы кириллица негізіндегі әліпбидегі фонема статусынан жаңа әліпбиде аллофон статусына өтуі ХФӘ-нде (и) – [i] дыбысының дыбысталуы орыстың дауысты (и) дыбысынан қазақтың дауысты (і) -[ɪ] дыбысына дейін түрленетіні және, тура осылай, (у) – [u] дыбысының дыбысталуы орыстың дауысты (у) дыбысынан қазақтың дауысты (ұ) - [ʊ]  дыбысына дейін түрленетінімен түсіндіріледі (мұнда дөңгелек жақшада фонеманың атауы, ал тік жақшада оның халықаралық фонетикалық әліпбидегі таңбасы жазылған). Бұл феномен екі дыбыстың нақты контексте бірдей кездесе алып, бірін басқасына ауыстырғанда жаңа сөз немесе сөйлем  тудырмайтын Еркін түрлену деп атайды, олар аллофон болғандығынан жаңа әліпбиде жеке әріптермен таңбаланбайды. Мұндай тәжірибе көптеген (ағылшын, француз, түрік, өзбек және басқа) тілдерде бар.

Сонымен, жаңа реформаға қазақ тілінің 31 дыбысы, олардың ішінде 9 дауысты фонема және 2 аллофон: (а) - [ɑ], (ә) - [æ], (е) - [е], (o) - [ɔ], (ө) - [ɵ], (ұ) - [ʊ, u], (ү) -  [ʏ], (ы) - [ɤ], (і) - [ɪ, i] және 22 дауыссыз фонема: (бы) - [b], (вы) - [v], (ғы) - [ɣ], (гі) - [g], (ды) - [d], (кі) - [k], (қы) - [q], (жы) - [Ʒ], (зы) - [z], (й) - [j], (ыл) - [l], (мы) - [m], (ны) - [n],        (ың) - [ŋ], (пы) - [p], (ыр) - [r], (сы) - [s],  (ты) - [t], (ў) - [w], (фы) - [f], (хы) - [h], (шы) - [ʃ]  қатысады.  Жаңа әліпбиді анықтағанда тек осы фонемалар ғана жеке әріптермен таңбаланатын болады.

 

IV. Латын әліпбиін басқа тілдерге бейімдеу.

Латын әліпбиі (латиница) грек әліпбиінің батыс үлгісінен  шығып, б.д. дейін VII ғасырда пайда болған, кейін барлық дүние жүзіне тараған әріптік жазу. Алғашында латын әліпбиі тек 21 бас әріптен A, B, C, D, E, F, Z, H, I, K, L, M, N, O, P, Q, R, S, T, V, X  тұрды. Кейін б.д. дейін I ғасырда грек тілінен енген сөздерді жазу үшін оған Y және Z әріптерін қосты, нәтижесінде классикалық латын әліпбиінде 23 әріп болды. Бұл әліпбиде б.д. IX ғасыр ішінде кіші әріптер, ал XI ғасырда герман тілдерінде диграф VV пайдалана басталды. Кейін XVI ғасырда I және V (I/J және U/V)  әріптерінің буынды және буынды емес баламаларын ажырату үшін әліпбиге екі жаңа әріп J және U қосылды. Шамамен сол уақытта, солтүстік Еуропада диграф VV жеке әріп болып қалыптасын, W әрпіне айналды. Сонымен латын әліпбиінде әріптер саны 26 болды: Aa, Bb, Cc, Dd, Ee, Ff, Gg, Hh, Ii, Jj, Kk, Ll, Mm, Nn, Oo, P, Qq, Rr, Ss, Tt, Uu, Vv, Ww, Xx, Yy, Zz. Бұл 26-әріпті латын әліпбиі Стандарттау бойынша Халықаралық ұйымда  ̶ International Organization for Standardization (ISO) «базалық латын әліпбиі» болып тіркелді. Ол қазіргі ағылшын әліпбиіне толық сәйкес және көптеген роман, герман және басқа тілдер жазуларының негізі болды.

Қазір базалық латын әліпбиі «де-факто»  «халықаралық  қатынастың әліпбиі болды», себебі кез келген елдің азаматтары онымен мектеп қабырғасында математика, химия және шет тілі сабақтарында танысады.

Бірнеше рет барлық тілдің жазуларын базалық латын әліпбиіне көшіру идеясы ұсынылды. Бірақ кейбір тілде дыбыстар саны базалық латын әліпбиіндегіден көп және олардың фонетикалық жүйелеріне сәйкес кейбір латын әріптерінің мәндері өзгеруі қажет. Сондықтан осындай тілдер үшін базалық латын әліпбиін бейімдеу қерек.

Кейбір тілдің фонетикалық жүйелеріне базалық латын әліпбиін бейімдеу үдерісінде таңбалануына бұл әліпбиде сәйкес әріптер жоқ дыбыстарды таңбалау мәселесі туды. Оны шешу үшін базалық әліпбиді бейімдейтін келесі әдістерді қолдануға болады:

1.  Бір дыбысты таңбалау үшін әріптер тізбесін (диграф, триграф, тетраграф) пайдалану: мысалы, (ш) - [ʃ] және (ч) - [tʃ] дыбыстарын таңбалау үшін ағылшын тілінде диграфтар sh және ch, ал неміс тілінде  триграф sch және тетраграф tsch сәйкес пайдаланылады.

2.  Оң диакритиканы қолдану: мысалы, көптеген тілдерде әліпбиде бар әріптерге нүкте, тырнақша және басқа диакритикалық таңбаларды қосу арқылы алынған мына типті á, ä, ğ әріптерді пайдаланған;

3.  Теріс диакритиканы қолдану: мысалы түрік тілінде (ы) -  [ɤ]  дыбысы базалық латын i әрпінен нүктені алып тастағаннан пайда болған ı әрпімен таңбаланады;

4.  Әліпбиде бар әріпті жетілдіру арқылы жаңа әріп ендіру:  мысалы, ағылшын тілінде (си) - [si:] және (эс) - [ es ] дыбыстарын таңбалайтын әліпбиде бар c және s әріптерін жетілдіру арқылы түрік тілінде (че) - [tʃ] және (ше) - [ʃ] дыбыстарын таңбалайтын ç және ş әріптерін алуға болады;

5.  Басқа әліпбилерден алынған жаңа әріптер ендіру: мысалы, кейбір тілдің әліпбилерінде ŋ және ɔ әріптері грек әліпбиінен, ал þ әрпі руникалық әліпбиден алынған;

6.   Екі әріпті тұтастыру арқылы алынған лигатураны пайдалану: мысалы, жоғарыда көрсетілген W әрпі екі V әрпін тұтастыру арқылы ағылшын, неміс, поляк тілдерінде, ал æ әрпі a мен e әрпін тұтастыру арқылы норвег, исланд тілдерінде пайдаланылады.

7.  Бір дыбысты таңбалау үшін бірнеше әріптерді және диакритикалық таңбаны пайдалану: мысалы, бретон тілінде (х) - [x] дыбысы c мен h диграфы және ' - апострофтан тұратын c'h тізбесімен таңбаланады. 

8.  Жеке әріптердің базалық әліпбидегі мәндерін өзгерту: мысалы,  x әрпі  ағылшын тілінде (экс) - [eks] дыбысын белгілесе, ал португал тілінде (шиш) - [ʃiʃ] дыбысын белгілейді.

Ескертпе: Диграфтар, триграфтар, тетраграфтар өздері пайдаланылатын қайсыбір тілдің орфографиялық ережелері болады. 

Қазір термин «латын әліпбиі» базалық латын әліпбиінің кейбір әріптерін қамтымайтын немесе қосымша әріптерді қамтыйтын латын әліпбиінің бейімделген нұсқасын пайдаланатын кез келген тілдің әліпбиі болып саналады. Сонымен қатар, латынданған әліпбиде әріптердің өзара орналасуы әртүрлі болуы мүмкін.

Латыншадан өзге жазбалары бар барлық тілдер үшін латиницада жазу жүйелері (романизациялар) бар. Егер шетелдік дұрыс оқылуын білмесе де, оған қытай иероглифтеріне қарағанда, таныс латын әріптерімен іс жасау әлденеше оңай. Біраз елдерде қосымша латиницадағы жазба стандартталған және мектепте оқытылады (Жапония, Қытай).   

Латын әліпбиі қарым қатынасты жеңілдету үшін дүние жүзінде латыншадан өзге әліпбиді пайдаланатын тілдерді латындауға қолданылады. Латыншадан өзге әліпбиі бар көптеген тілдердің латиница негізінде транслитерация стандарттары бар, мысалы  кириллица негізделген славян тілдері үшін.  Кейде осындай транслитерация жүйелерін «романдалғандар», яғни роман тілдерінен дегеннен туындаған,   сондықтан, латын тілдерінен деуге болады.

 

V. Түркі тілдерінің латиницаға көшу тәжірибелері

Жоғарыда айтылған әдістердің қолайлыларын қолданып, қазақ тілінің жаңа әліпбиін латын графикасы негізінде құруға болады. Ол үшін біз қазақ жазуын жаңа әліпбиге көшірудің қағидаларын және есептерін анықтаймыз, сонымен қатар, қазақ тіліне 1940 жылы ендірілген орыс тілінің жат дыбыстарынан арылу (жою) ережелерін жасаймыз және кирилл әріптерін латын әріптеріне ауыстыру алгоритмін құрамыз. Мұнда біз тәуелсіз түркі тілдес елдердің жазбаларын латындандыру тәжірибесін, анық айтқанда түрік, түрікмен, өзбек, әзірбайжан тілдерінің әліпбилерін латиницаға көшіру  тәжірибелерін ескеруіміз керек.

Түркі жазбаларының мейлінше ерте мысалдардың бірі орхон-енисей жазулары деп аталатын көне түркі руникалық (сына) жазба екендігі белгілі. Осы уақытта түркі тілдері бірнеше жазу жүйелерін қолданады: арабгреккирилл, латын және басқа.

Түркияда көптеген жылдар бойы, XX ғасырға дейін, түріктің төл сөздерін жазуға келіңкіремейтін араб әліпбиінің түрік үлгісін пайдаланды. Араб тілінде көп дауыссыздар бар, ал түрік тілі дауыстыларға бай: сол кездегі әліпби түрік тілінің дыбыстық құрылымын толық бере алмады, сондықтан реформа қажет болды.

Латын графикасына негізделген заманауи түрік әліпбиі 1928 жылы Ататүрік бастаған түрік тілін реформалау аясында қабылданды. Түркия түрік мемлекетінің ұлттық идеясының идеологиясын негіздеу мақсатында арабицадан латиницаға көшті. Түрік әліпбиінің таңбалары Еуропа тілдерінің әртүрлі әліпбилерінен алынған.

Латын графикасы негізіндегі заманауи түрік әліпбиі түрік тілінің  фонетикасына бейімделген және 29 әріптен тұрады (Aa, Bb, Cc, Çç, Dd, Ee, Ff, Gg, Ğğ, Hh, Iı, İi, Jj, Kk, Ll, Mm, Nn, Oo, Öö, Pp, Rr, Ss, Şş, Tt, Uu, Üü, Vv, Yy, Z z). Олардың ішінде базалық латын әліпбиінен тыс 6 әріп Çç, Ğğ, İı, Öö, Şş, Üü  бар, ал базалық әліпбидің 3 әрпі   Qq, Xx,Ww пайдаланылмайды (4.3.1-кесте).

Түрікмен орфографиясын қарапайымдау мақсатында жазбаны латиницаға көшіру шешіліп, 1990 жылдары түрікмен әліпбиі латын графикасы негізінде 3 рет қабылданды:

-     1992 жылғы үлгісінде 26 әріп Aa, Bb, Cc, Dd, Ee, Ff, Gg, Hh, Ii, Jj, Kk, Ll, Mm, Nn, Oo, Qq, Pp, Rr, Ss, Tt, Uu, Vv, Ww, Xx, Yy, Zz болды, олардың ішінде 3 әріп Qq, Vv, Xx  кирилл графикасындағы әліпбидің  Өө, Үү, Ыы әріптерін дәстүрсіз ауыстыру, ал 5 диграф Ea ea, Jh jh, Ng ng, Sh sh, Ts ts түрікмен тілінің айрықша дыбыстарын таңбалау үшін ұсынылды;

-     1993 жылғы үлгісінде 30 әріп Aa, Bb, Çç, Dd, Ee, Ää, Ff, Gg, Hh, Ii, Jj, £ſ, Kk, Ll, Mm, Nn, Ññ, Oo, Öö, Pp, Rr, Ss, $¢, Tt, Uu, Üü, Ww, Yy, ¥ÿ, Zz, олардың ішінде 3 валюта таңбасы £ſ, $¢, ¥ÿ және 5 диакритикалық әріп Çç, Ää, Ññ, Öö, Üü түрікмен тілінің айрықша дыбыстарын таңбалау үшін ұсынылды;

-     1995 жылғы үлгісінде 30 әріп Aa, Bb, Çç, Dd, Ee, Ää, Ff, Gg, Hh, Ii, Jj, Žž, Kk, Ll, Mm, Nn, Ňň, Oo, Öö, Pp, Rr, Ss, Şş, Tt, Uu, Üü, Ww,Yy,Ýý, Z болды, оның ішінде базалық латын әліпбиіне кірмейтін 8 әріп Çç, Ää, Žž, Ňň, Öö, Şş, Üü, Ýý  түрікмен тілінің айрықша дыбыстарын таңбалау үшін ұсынылды, ал базалық латын әліпбиінің 4 әрпі Cc, Qq, Vv, Xx пайдаланылмады.

Соңғы үлгі 2000 жылдан бастап Түрікменияның барлық ресми салада қолданатын жалғыз қолжетімді әліпбиге айналды.

Түрікмен жазбасын латын графикасына көшіру елдің нақты мүмкіншіліктері ескерілмей жүзеге асырылды, реформадан кейінгі 6 жыл бойы латиницада басылған оқулықтар болмады. Бұл білім беру сапасына теріс әсерін тигізді.

Латын графикасына негізделген өзбек әліпбиі 1990 жылдары 2 рет қабылданды:

-     1993 жылғы үлгіде 31 әріп Aa, Bb, Cc, Dd, Ee, Ff, Gg, Hh, Ii, Jj, Kk, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, Qq, Rr, Ss, Tt, Uu, Vv, Xx, Yy, Zz, Çç, Ğğ, Ɉɉ, Ññ, Öö, Şş болды, оның ішінде 6 әріп Çç, Ğğ, Ɉɉ, Ññ, Öö, Şş  базалық латын әліпбиіне кірмейді және олар өзбек тілінің айрықша дыбыстарын таңбалауға ұсынылды;

-     1995 жылғы үлгіде базалық латын әліпбиіне кіретін 24 әріп Aa, Bb, Dd, Ee, Ff, Gg, Hh, Ii, Jj, Kk, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, Qq, Rr, Ss, Tt, Uu, Vv, Xx, Yy, Zz және 1 таңба ’  - аксант эгю болды. Мұнда базалық латын әліпбиінің 2 әрпі Cc және Ww пайданылмай қалды, ал бұрынғы үлгідегі Çç, Ññ, Şş, Ğğ, Öö  диакритикалық  әріптер Ch ch, Ng ng, Sh sh, G g, O o диграфтарға, ал айрықша әріп Ɉɉ базалық латын әліпбиінің Jj  әрпіне сәйкес ауыстырылды.

Өзбек тіліндегі диграфтар Ch ch, Ng ng, Sh sh, G’ g’, O’o’ әліпби әріптері деп есептеуге болмайтындығын және олар тілдің орфографиялық емлелері екендігін ескеру керек.

Әзірбайжан жазбасын латын графикасы негізіндегі әліпбиге көшіру 1991 жылы басталып 2001 жылы аяқталды. Жаңа әліпбиде 32 әріп Aa, Bb, Cc, Çç, Dd, Ee, Əə, Ff, Gg, Ğğ, Hh, Xx, Iı, İi, Jj, Kk, Qq, Ll, Mm, Nn, Oo, Öö, Pp, Rr, Ss, Şş, Tt, Uu, Üü, Vv, Yy, Zz болды, олардың ішінде 8 әріп Çç, Әә, Ğğ, Iı, İi , Öö, Şş, Üü базалық латын әліпбиі және  базалық латын әліпбиінің 2 әрпі Cc және Ww қолданылмайды. 

Әзірбайжан тілінің кириллицадағы әліпбиі құрамынан латиницаға өтерден әлде қайда бұрын орыс тілінен енген сөздерді жазу үшін қолданылған Цц әрпін 1947 жылы, ал Ээ, Юю және Яя әріптерін 1958 жылы шығарып тасталынды. Латын графикасы негізіндегі әзірбайжан әліпбиінің алғашқы жобасында Əə әрпінің орнына Ää әрпі пайдаланған.

Қорытынды:

1.  Жоғарыда айтылған түркі тілдерінің әліпбилерінде, өзбек әліпбиінен басқа, әріптердің кейбіреулері базалық латын әліпбиіне енбейтіндігінен және олардағы әріптердің өзара орналасуы базалық латын әліпбиіндегіден бөлек болғандықтан компьютерлер мен программалық қамтым буындарының әрбір ауысуында әжептеуір қаражатты қажет ететін деректерді сұрыптау мен іздеу программаларын қайта жасап отыру керек, себебі базалық латын әліпбиі үшін олар автоматты түрде орнатылады.

2.  Өзбек әліпбиінде диграфтардың екінші сыңары ретінде  - аксант эгю  (апостроф) таңбасы пайдаланылады. Ол  программалау тілдерінде арнаулы символ ретінде мәтіндегі фрагменттерді ерекшелеу үшін қолданылады.  Сондықтан өзбек мәтіндерін компьютерлік өңдеген кезде Oo және Gg әріптерімен сәйкес таңбаланған (ө) - [o] және (ғы) - [ɣ] дыбыстары танылмайды (айқындалмайды), бұл керек емес жағдай.  Бұл мәселе өзбек тіліндегі мәтінді компьютерде өңдегенде ғана пайда болатындықтан, жалпы әліпбиді өзгертпей-ақ,  ′ - аксант эгю таңбасын  ` - аксант грав таңбасына оңай ауыстыруға болады (олардың пернетақталарда орналасуы. Сонда бұл мәселе жоқ болады.

 

VI. Қазақ жазуын латиницаға көшіру қағидалары

Қазақ жазуын жаңа әліпбиге аудармас бұрын мына маңызды тенденция мен жағдайларға көңіл аудару керек:

1.  Қоғамды цифрлендіру (ақпараттандыру) дәуірінде дүние жүзінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) көмегімен өте көп интеллектуалдық, еңбектік және қаражаттық шығымдарды талап ететін көлемдері өте үлкен жаппай сұраныста болатын цифрлік (ақпараттық, нормативтік және басқа) ресурстар - Big Data жасалып және өңделіп жатыр.

2.  Дүние жүзінде шығарылатын барлық компьютерлер 26 әріптік базалық латын әліпбиін басында қолдайды және келешекте де қолдай береді, ал осы компьютерлерді құрамында базалық латын әліпбиіне кірмейтін әріптері бар ұлттық әліпбиге бейімдеу әжептәуір қосымша шығымды талап ететін арнайы қәріптер (шрифтер) мен олардың драйверлерін және деректерді сұрыптау мен іздеу программаларын жасауды талап етеді.

3.  Цифрлық ресурстардың көлемдері күн сайын жылдам өсіп жатқандығын және әлемдік қауымдастықта АКТ-ның қолдану аясы кеңейіп баратындығын ескере отырып, ғаламдық ақпараттық кеңістікте бір ғана әліпби пайдалану ұсынылып, ұлттық әліпби таңбаларын базалық латын әліпби әріптеріне транслитерациялау стандарттары жаппай шығуда. 

4.  Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі, біздің елдегі барлық ақпараттық ресурстар қазақ тілінде жасалуын және өңделуін міндеттейді.

5.  Әртүрлі қорларда қағаз жүзінде арабица, латиница-жаңаәліп және кириллицада сақталған ақпараттық ресурстарды, арнаулы комиссия іріктеп алғаннан кейін, цифрлеу керек.

6.  Арабица, латиница-жаңаәліп және кириллицада сақталған цифрлық ақпараттық ресурстарды базалық латын әліпбиіне алдын ала жасалған конвертермен автоматты түрде аудару керек.

7.  Қазақ жазуын базалық латын әліпбиіне көшіру қазақ тілін оқуды әжептәуір жеңілдетеді және оның дамуын жақсартады, себебі бұл әліпбиді бүкіл Әлемде барлық сауатты адамдар мектеп жасынан біле бастайды.

Базалық латын әліпбиін басқа тілдерге бейімделуін және ақпараттық ресурстар мен технологиялардың қазақ тілінде жасалуы мен дамуын ескере отырып, қазақ жазуын жаңа әліпбиге көшірудің мынадай қағидаларын ұсынамыз:

1.  Жаңа әліпби тек қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне негізделіп жасалуы қажет: барлығы 31 фонема, олардың ішінде 9 дауысты: (а) - [ɑ], (ә) - [æ], (е) - [е], (o) - [ɔ], (ө) - [ɵ], (ұ) - [ʊ], (ү) -  [ʏ], (ы) - [ɤ], (і) - [ɪ] және 22 дауыссыз: (бы) - [b], (вы) - [v], (ғы) - [ɣ], (гі) - [g], (ды) - [d], (кі) - [k], (қы) - [q], (жы) - [Ʒ], (зы) - [z], (й) - [j], (ыл) - [l], (мы) - [m], (ны) - [n], (ың) - [ŋ], (пы) - [p], (ыр) - [r], (сы) - [s],  (ты) - [t], (ў) - [w], (фы) - [f], (хы) - [h], (шы) - [ʃ].

Бұл қазақ тілінің ішкі заңдылықтарына сәйкес орфоэпиялық және орфографиялық емле-ережелерді дұрыс құруға мүмкіндік береді. Себебі, жаңа әліпбиде қазақ фонетикасына қайшы орыс тілінің дыбыстарын таңбалайтын әріптер болмайды.

2.  Жаңа әліпби тек барлық электрондық (компьютерлер, телефон аппараттары және басқа) құрылғылардың стандартты пернетақталарында болатын базалық латын әліпбиінің әріптерінен құрылу керек.

Бұл адамдарға электрондық құралдар арқылы қазақ тілінде  бір-бірімен жазбаша қатынасуды, цифрлық ақпараттық ресурстарды жасау мен өңдеуді жүзеге асыруды, қосымша қаріптер мен драйверлерді, деректерді сұрыптау мен іздеу программаларын жасау мен орнатуды қерек етпей-ақ, жеңілдетеді. Себебі олар бүкіл әлемде шығарылатын барлық электрондық құрылғыларда базалық латын әліпбиі үшін автоматты түрде ендірілген.

3.  Жаңа әліпби қазақ тілінің дыбыстарын таңбалау үшін базалық латын әліпбиіндегі кейбір әріптердің дыбыстық мәндерін өзгертеді.

Бұл жаңа әліпбиде кейбір әріптер үшін қазақ тілінің дыбыстық жүйесінен жаңа дыбыстық мәндерді анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ оларды таңдағанда қазақ дыбысының дыбысталуы таңбалануы базалық латын әліпбиіне енген дыбыстың – түп нұсқаның дыбысталуына жақындығын ескеру керек. Себебі, жақындықтың болуы қазақ тілінің жаңа әліпби негізіндегі орфоэпиялық және орфографиялық емле-ережелерін жасауды жеңілдетеді, оны оқып білуді  және практикада пайдалануды тездетеді.      

4.   Жаңа әліпби кейбір қазақ дыбыстарын таңбалауға сәйкес әріптердің жоқтығында оларды таңбалау үшін диграфтарды пайдалануға мүмкіндік беруі керек.

Бұл диграфтар ретінде, біріншіден, қазақтың жай сөзінде қатар кездеспейтін екі әріптің тіркесін, немесе екіншіден, әріп пен программалау тілдерінің әліпбилеріне кірмейтін арнайы таңба тіркесін алуға болады. Себебі, біріншіден, егер диграфта пайдаланған екі әріп қазақтың жай сөзінде қатар кездесетін болса, онда осы диграф таңбалайтын дыбыс танылмайды, екіншіден, егер диграфта пайдаланатын арнайы таңба қазақ мәтінін өңдеуге қолданылған программалау тілдің әліпбиіне кіретін болса, онда осы таңба қатысқан диграф таңбалайтын дыбыс танылмайды.      

5.  Жаңа әліпбиде әріптердің өзара орналасу реті базалық латын әліпбиіндегі әріптердің өзара орналасу ретімен бірдей болуы керек.

Бұл қазақ тілінде ақпараттық ресурстар мен технологияларды дайындағанда немесе қолданғанда қосымша шығынсыз деректерді сұрыптау мен іздеу программаларын пайдалануға мүмкіндік береді. Себебі, базалық латын әліпбиі үшін деректерді сұрыптау мен іздеу программалары барлық жүйелік және қолданбалы программаларға автоматты ендірілген. Сондықтан, жаңа әліпбиде әріптердің өзара орналасу реті базалық латын әліпбиіндегі әріптердің өзара орналасу ретімен бірдей болмағанда, деректерді сұрыптау мен іздеу программаларын қайта жасау мен орнату қажет болады, ол біраз шығынды талап етеді.

 

VII. Қазақ жазуын латиницаға көшіру есептері.

Базалық латын әліпбиінде 26 әріп, қазақ тілінде 33 фонема бар екендігін ескеріп, жаңа әліпбиді анықтау үшін біз келесі мәселелерді шешуіміз керек:

1) Бір ғана әріппен таңбалатын дыбыстарды анықтау;

2) Диграфтармен таңбалатын дыбыстарды анықтау;

3) Диграфтардың дыбыстық мәндерін анықтау;

4) Қазақ тілінің орфоэпиялық және орфографиялық нормаларын, сонымен қатар, морфологиялық және синтаксистік ережелерін жаңарту;

5) Қазақ тілін компьютерлік өңдеу технологияларын және оны кез келген мобилді құралдар арқылы үйренуге мүмкіндік беретін сөйлеу интерфейсі бар интеллектуалды көпдеңгейлі желілік оқулықтарды әзірлеу.

Бұл тапсырмалардың шешімі мыналарға негізделеді:

-     қазақ тіліндегі мәтіндерде әріптердің және әріптер тіркесінің кездесу жиілігін анықтау мақсатында құрамында 100 миллион кириллица негізінде қолданыстағы әлібидің әрпінен тұратын қазақ тілінің мәтіндік корпусын зерттеу нәтижелеріне;

-     қазақ дауысты дыбыстарының жіктеуін  көрсететін математикалық моделдер мен геометриялық моделдер;

-     қазақ тілінде жіңішке және жуан дауысты дыбыстардың арасындағы келесі қатынастарды орнатуға мүмкіндік беретін дауысты дыбыстар осцилограммаларына: 

(ә)  =  (а)+(е) немесе [æ]  =  [ɑ] +[e];  b(ө)  =  (о)+(е) немесе [ɵ] =  (о)+[e]

(ү)  =  (ұ)+(е) немесе [ʏ]  =  [ʊ] +[e];  (і)  =  (ы)+(е) немесе [ɪ]  =  [ɤ] +[e]

Бұл қатынастар жіңішке дауысты дыбыстарды белгілеу үшін диграфтарды қолдануға болатындығын көрсетеді. Бұл әдіс басқа тілдерде де қолданылады. Мысалы, ағылшын тілінде (ш) дыбысы s және h әріптерінің байланысы арқылы алынған sh диграфын білдіреді, ал өзбек тілінде (ә) әрпі a’ диграфмен көрсетілген.

Қазақ тілі мәтіндер корпусын зерттеу нәтижесі қазақ  жазбасын латиницаға аударғанда қазақ сөздері тым ұзарып кетпеу үшін, қандай дыбысты бір әріппен және қандай дыбыс диграфпен таңбалауды анықтағанда қолданылады. Мысалы, (ә), (ө) және (ұ)  дыбыстарын таңбалайдын кириллица негізінде қолданыстағы әліпбидегі әріптердің қолдану жиілігі төмен және тек түбір сөздерде ғана қолданылады, яғни олар жұрнақ және жалғауларда да кездеспейд, яғни сөзжасамдар мен сөзпішіндерде пайда болмайды. Егер жаңа әліпбиде осы дыбыстарды диграфтармен таңбаласақ, онда олар қатысқан сөздердің жазбасы тым ұзармайды.  Бірақ, (і) - [ɪ] дыбысын таңбалайтын әріптің қолдану жиілігі өте жоғары, сонымен қатар бұл дыбыстар жұрнақтар мен жалғауларда қатысып, бір сөзде бірнеше рет кездесуі мүмкін.  (мысалы,  бiлiктiлiктің’ сөзінде  5 рет кездеседі). Сондықтан, бұл дыбыс (ы)+(е) немесе [ɤ]+[e] қосындысы көмегімен жасалғандығына қарамастан, қазақ сөзінің жазбасының ұзындығы қысқа болуы үшін, ол жаңа латын әліпбиінде бір ғана Ii әрпімен таңбаланады.

Қазақша мәтіндер корпусын зерттеу нәтижесі кириллица негізіндегі қолданыстағы әліпбидегі әріптерді Ёё, Ии, Ээ, Юю, Яя, Цц, Чч, Щщ, Ьь, Ъъ, яғни дыбыстық мәні қазақ тілінің дыбысталу жүйесіне кірмейтін әріптерді қазақ сөздерінің ішінен арылту ережесін әзірлеуге көмектесті.  Осы ережелер негізінде Ёё, Ии, Ээ, Юю, Яя, Цц, Чч, Щщ, Ьь, Ъъ әріптерді пайдаланбай кириллица негізінде қазақ тілінің өтпелі (аралық) орфографиялық сөздігі автоматты түрде құрылды.

Бұл  өтпелі орфографиялық сөздік қазақ жазуын кириллицадан латиницаға автоматты көшіруді үшін алғашқы деректер базасы ретінде пайдаланылады. Себебі,  қазақ жазуын кириллицадан латиницаға автоматты көшірудің екі межесі бар: бірінші меже – кириллицадағы алғашқы мәтінді құрамында Ёё, Ээ, Ии, Юю, Яя, Цц, Чч, Щщ, Ьь, Ъъ әрпітері жоқ кириллицадағы аралық мәтінге аудару; екінші меже – кириллицадағы аралық мәтінді латиницаға аудару. Осы межелерді программалық жүзеге асырып, кириллицадағы кез келген қазақ мәтінін латиницаға автоматты аударатын конвертор жасалып, іске қосылды.

 

VIII.        Қазақ жазбасын латиницаға көшіру ережелері

33 қазақ дыбысын негізгі 26 латын әліпбиінде көрсету үшін оны басқа тілдерге бейімдеудің кейбір әдістерін қолдану керек.

Қазақ фонемаларын базалық латын әліпбиінің әріптерімен таңбалау үшін, олардың ХФӘ-ндегі таңбаларына ұқсастығы пайдаланып, 3 топқа бөлу ережелер ұсынылады:

1. Бір дыбыс және бір  әріп:

1.1.    5 қазақ дауысты дыбысы (а) - [ɑ], (е) - [e], (o) - (о), (ұ) - [ʊ], (ы) - [ɤ], (і) - [ɪ] мәндері ХФӘ-нде үндес дыбыстардың таңбасымен бірдей болатын 5 латын әріптерімен Aa, Ee, Oo, Uu, Yy, Ii сәйкесінше таңбаланады;

1.2.    18 қазақ дауыссыз дыбысы  (бы) - [b], (вы) - [v], (гі) - [g],   (ды) - [d], (фы) - [f], (й) - [j], (кі) - [k], (қы) - [q], (ыл) - [l], (мы) - [m], (ны) - [n], (пы) - [p], (ыр) - [r], (сы) - [с], (ты) - [t], (ў) - [w],  (хы) - [x], (зы) - [z]  мәндері ХФӘ-нде үндес дыбыстардың таңбасымен бірдей болатын 18 латын әріптерімен сәйкесінше таңбаланады Bb, Vv, Gg, Dd, Ff, Jj, Kk, Qq, Ll, Mm, Nn, P, Rr, Ss, Tt, Ww, Hh, Zz;

1.3.    Ендірілген дауыссыз дыбыс (цы) -  [t͡s]  латынның Cc әрпімен таңбаланады.

2. Бір дыбыс және диграф:

2.1. Қазақтың 3 жіңішке дауысты (ә) - [æ], (ө) - [ɵ] және (ү) - [ʏ] фонемалары диграфтармен таңбаланады. Олардың бірінші жұптары дыбысталуы таңбалатындармен үндес жуан дауысты  (а) - [ɑ], (o) – [о] және (ұ) - [ʊ] фонемаларын сәйкес таңбалайтын Aa, Oo және Uu латын әріптері болады, ал әрбір диграфтың екінші жұбы әліпбидің бірінші нұсқасында арнайы символ ` - аксант грав (өзбек әліпбиіндегі сияқты) немесе әліпбидің екінші нұсқасында латын әрпі (компьютерлік неміс әліпбиіндегі сияқты) болады.

Ескертпе: Hh латын әріпі ешқандай қазақ фонемасын белгілемейді, ол тек қазақтың дауыссыз (ғы), (жы), (шы) фонемаларын және кірме дауыссыз (чы) дыбысын  белгілейтін диграфтартардың екінші сыңарын белгілеу үшін қолданылады.

2.2.    Қазақтың дауыссыз (ғы) - [ɣ] фонемасы диграфпен таңбаланады. Диграфтың бірінші жұбы дыбысталуы жағынан (ғы) фонемасына жақын дауыссыз (гі) - [g]  дыбысын таңбалайтын Gg латын әрпі, ал екінші жұбы Hh латын  әрпі болады. Бұл диграф жаңа әліпбидегі қазақ жазбасында орфографиялық қайшылықтар тудырмайды. 

2.3.    Қазақтың дауыссыз (жы) - [Ʒ] фонемасы диграфпен таңбаланады. Диграфтың бірінші жұбы дыбысталуы жағынан (жы) фонемасына жақын дауыссыз (зы) - [z]  дыбысын таңбалайтын Zz латын әрпі, ал екінші жұбы Hh латын  әрпі болады. Бұл диграф жаңа әліпбидегі қазақ жазбасында орфографиялық қайшылықтар тудырмайды. 

2.4.    Қазақтың дауыссыз (шы) - [ʃ] фонемасы диграфпен таңбаланады. Диграфтың бірінші жұбы дыбысталуы жағынан (шы) фонемасына жақын дауыссыз (сы)- [s] дыбысын таңбалайтын Ss латын әрпі, ал екінші жұбы Hh латын  әрпі болады. Бұл диграф жаңа әліпбидегі қазақ жазбасында орфографиялық қайшылықтар тудырмайды. 

2.5.    Қазақтың дауыссыз (чы) - [ʧ] фонемасы диграфпен таңбаланады. Диграфтың бірінші жұбы дыбысталуы жағынан (шы) фонемасына жақын дауыссыз (цы) -  [t͡s] дыбысын таңбалайтын Сс латын әрпі, ал екінші жұбы Hh латын  әрпі болады. Бұл диграф жаңа әліпбидегі қазақ жазбасында орфографиялық қайшылықтар тудырмайды, себебі қазақ сөзінде дауыссыз (сы)- [s] және (ғы) - [ɣ] дыбыстарының тіркесі болмайды. 

2.1.    Қазақтың дауыссыз сонар (ың) - [ŋ] фонемасы диграфпен таңбаланады. Диграфтың бірінші жұбы дыбысталуы жағынан (ың) фонемасына жақын дауыссыз (ны) - [n] дыбысын таңбалайтын Nn латын әрпі, ал екінші жұбы (гі) - [g] дыбысын таңбалайтын  Gg латын  әрпі болады (ағылшын және өзбек тілдеріндегі сияқты). Жаңа әліпбидегі жазуда диграф «ng» тек бір буында ғана жазылуы керек, себебі қазақ тілінде  (ың) - [ŋ] дыбысының алдында ешқашан дауыссыз дыбыс кездеспейді және бұл дыбыстан басталатын бірде бір сөз жоқ. Бірақ, кейбір айтылуы да, мағынасы да бөлек сөздер бірдей жазылып кетеді. Мысалы, мына «күңі» және «күнгі» деген бөлек екі сөз ұсыналатын әліпбиде бірдей жазылады: «күңі = kuengi» және «күнгі = kuengi». Мұндай жағдайды болдырмау үшін мына ережені қабылдаймыз. 

Егер қазақтың сөзін латын әліпбиінде жазған кезде дауыссыз (ны) - [n] дыбысын  таңбалайтын Nn әрпінен кейін (гі) - [g] дауыссыз дыбысын таңбалайтын Gg әрпін жазу керек болса (мұндай жағдай тек төл сөздерде ғана болады), онда Nn әрпінің орнына  (ың) - [ŋ] дыбысын таңбалайтын «ng» диграфын жазу керек. Бұл қазақ тілінің айтылу заңдылығына сәйкес болады да, оның жазбасында ешқандай қайшылық тудырмайды. Осы ережені қолданғаннан кейін жоғарыдағы мысал былай жазылатын болады: «күңі = kuengi» және «күнгі = күңгі =kuenggi».

Ескертпе: Диграфтар әліпби элементтері емес, олар орфографиялық ережелер болады;

3.     Бір әріп және екі дыбыс.

3.1.    Қазіргі қазақ тіліндегі орыс тілінен алынған кірме (и) -  [i] дыбысы бар. Ол жақтың жабылған, еріннің дөңгеленбеген, тілдің жоғарғы және алдыға жылжыған күйінде жасалады. Сондықтан, (и) - [i] дыбысы жақтың жағдайы бойынша жабық, еріннің жағдайы бойынша дөңгеленбеген, тілдің вертикал жағдайы бойынша жоғарғы, ал тілдің горизонтал жағдайы бойынша тілалды дауысты дыбыс болады. Дауысты [i]  дыбысының артикуляциялық белгілері: жабық, дөңгеленбеген, жоғарғы, тілалды.

Қолданыстағы әліпбиде кирилл графикасының Ии әрпі бар. Біріншіден ол кірме сөздерде кездеседі және практикада қазақ тілін тасымалдаушылар оны қазақтың төл дыбысы (i) сияқты дыбыстайды, мысалы, интернет - (інтернет), инвестор - (інвестор),  институт - (інстітұт), депозит - (депозіт). Екіншіден ол қазақтың төл сөзінде барлық жағдайда контекстің жіңішкелігіне немесе жуандығына тәуелді дыбыстар тіркесі (ій) немесе (ый) болып дыбысталады (айтылады), мысалы, киік – (кійік), қиық – (қыйык), тиін – (тійін), тиын – (тыйын), ғылыми – (ғылымый), ресми – (ресмій), ылғи – (ылғый), шулғи – (шулғый).

Сондықтан, бірінші жағдайда орыстың (и) дыбысын қазақтың (і) дыбысының аллофоны деп қабылдау керек, екінші жағдайда тек орфографиялық емлелер түзетілсе, осы жұмыстың Кіріспесінде (22 бетте) көрсетілген орфографиялық қайшылықтар болмайды. Сонда латын әліпбиінің Іі әрпі дауысты (і) фонемасы мен оның (и) аллофонын қатар таңбалайды және осы дыбыстардың ХФӘ-ндегі таңбалары көптеген тілдердің әліпбиінде қабылданған  (мысалы,  ағылшын тілінде: bit [bɪt] және bite [baɪt]) сияқты [ɪ] және [i] болады. Яғни, дауысты (и) аллафонын жеке графемамен таңбалаудың қажеті жоқ, ол (і) фонемасын таңбалайтын Ii латын әрпімен таңбаланады.

Жоғарыда айтылған (и) дыбысына ұқсас қазіргі қазақ тіліндегі орыс тілінен алынған кірме (у) -  [u] дыбысы бар. Ол жақтың жабылған, еріннің дөңгеленген, тілдің жоғарғы және артқа жылжыған күйінде жасалады. Сондықтан, (у) -  [u] дыбысы жақтың жағдайы бойынша жабық, еріннің жағдайы бойынша дөңгеленген, тілдің вертикал жағдайы бойынша жоғарғы, ал тілдің горизонтал жағдайы бойынша тіларты дауысты дыбыс болады. Дауысты [u]  дыбысының артикуляциялық белгілері: жабық, дөңгеленбеген, жоғарғы, тілалды.

3.2.    Қолданыстағы әліпбиде кирилл графикасының Уу әрпі бар. Біріншіден ол кірме сөздерде кездеседі және практикада қазақ тілін ана тілім дегендер оны қазақтың төл дыбысы (ұ) сияқты дыбыстайды, мысалы, универсам – (ұниверсам), университет – (ұниверситет),  формула – (формұла). Екіншіден қазақтың төл сөзінде дауысты дыбыс әрпінің алдында немесе буын соңында контекстің жіңішкелігіне немесе жуандығына тәуелді дыбыстар тіркесі (үу) немесе (ұу) болып дыбысталады (айтылады), мысалы, сурет = (сүрет), келісу = (келісүу), кешігу = (кешігүу), езу = (езүу), кему = (кемүу), қабысу = (қабысұу), қайыру = (қайырұу), қону = (қонұу), сену = (сенүу),  ушығу = (ұшығу), тулпар = (тұлпар), туған = (тұған),  бұйырту = (бұйыртұу), табысу = (табысұу), тасу = (тасұу), тарту = (тартұу), ту = (тұу), шашу = (шашұу).

Сондықтан, бірінші жағдайда орыстың (у) дыбысын қазақтың (ұ) дыбысының аллофоны деп қабылдау керек. Екінші жағдайда тек орфографиялық емлелер түзетілсе, осы жұмыстың Кіріспесінде (22 бетте) көрсетілген орфографиялық қайшылықтар болмайды. Сонда латын әліпбиінің Уу әрпі дауысты (ұ) фонемасы мен оның (у) аллофонын қатар таңбалайды және осы дыбыстардың ХФӘ-ндегі таңбалары көптеген тілдердің әліпбиінде қабылданған  (мысалы,  ағылшын тілінде: put [pʊt], but [bʌt] және tube [tu:b]) сияқты [ʊ] және [u] болады. Яғни, дауысты (у) аллафонын жеке графемамен таңбалаудың қажеті жоқ, ол дауысты (ұ) фонемасын таңбалайтын Uu латын әрпімен таңбаланады.

3.3.             Латын әрпін Х х–тің мәні екі дыбыс (к) – [k], (с) – [s] тіркесі болуы керек, яғни (кс) – [ks]. Сонда көптеген кірме терминдер, халықаралық түрде жазылады. Мысалы, Ксерокс = Xerox, эксперт = expert, экспoрт = export, ЭКСПО = EXPO

Жоғарыда айтылған дауысты (і) және (ұ) фонемаларының аллофондары жаңа әліпбиде қазақ тіліне аударылмай кірген және кіре беретін көптеген халықаралық терминдерді түпнұсқаға жақын етіп жазуға мүмкіндік береді, мысалы, internet= (інтернет), investor= (інвестор), institute = (інстітұт), universitet = (ұніверсітет), universam = (ұніверсам), formula = (формұла).

Сонымен, 26 базалық латын әліпбиі әріптерімен қазақ тілінің 33  фонемасы, оның ішінде 25 фонема бөлек әріптермен, ал 8 фонема диграфтармен таңбаланып қазақ тілінің латын графикасы негізінде әліпбидің жобасы ұсыналады. Ұсынылған қазақ тілінің әліпбиі келесі қасиеттерге ие:

1)      әліпби қазақ орфоэпиясы мен орфографиясында ешбір қайшылық тудырмайды, себебі ол қазақ дыбыстарының жүйесіне және ХФӘ-ндегі таңбалар жүйесіне негізделген;

2)      әліпби қазақ тілінде ақпараттық ресурстарды жасау мен өңдеу кезінде қосымша шығын талап ететін мыналарды қажет етпейді:

-         шрифтер мен драйверлерді, өйткені ол барлық компьютердің пернетақтасында орналасқан деректерді енгізу және шығару құралдарының барлық типі үшін көптеген шрифтері мен драйверлері бар ағылшын әліпбиінің әріптерінен тұрады;

-         сұрыптау мен ақпарат іздеу программаларын, себебі оның әріптерінің өзара орналасу реті ағылшын әліпбиіндегі  әріптердің орналасу ретімен сәйкес келеді.

3)      әліпби қазақ тіліне аударылмайтын халықаралық кірме термин-сөздердің жазылуын қазақ тілінің дыбыстық жүйесін өзгертпей түпнұсқаға жақын жазуға мүмкіндік береді.

4)      әліпби қазақша мәтіндерді кез келген компьютердің пернетақтасы арқылы, басқа қосымшаларға өтпей-ақ, оңай және жылдам теруге мүмкіндік береді. 2-кестеде  латиница негізіндегі қазақ тілінің әліпбиі (латиница незінде), ал 3-кестеде кейбір қазақ дыбыстарын диграфтармен таңбалау, ал 3-ші кестеде Қазақ елінің гимні берілген.


2-кесте. Қазақ тілінің әліпбиі (латиница негізінде)

 

Латиница

Дыбыс атауы

Кириллица

ХФӘ

Түсіндірме

1        

а

(а)

А а

[ɑ]

 

2        

в

(бы)

Б б

[b]

 

3        

С с

(цы) 

Цц

[t͡s]

 

4        

D d

(ды)

Д д

[d]

 

5        

E е

(е)

Е е

Е е

 

6        

F f

(фы)

Ф ф

[f]

 

7        

G g

(гі)

Г г

[g]

 

8        

H h

(хы, хі)

Хх, Һһ

[h]

 

9        

і

(і), (и)

І і

[ɪ, i]

Как в английском языке

10  

j

(й)

Й й

[j]

 

11  

K k

(кі)

К к

[k]

 

12  

L l

(ыл)

Л л

[l]

 

13  

M m

(мы)

М м

[m]

 

14  

N n

(ны)

Н н

[n]

 

15  

о

(o)

О о

[ɔ]

 

16  

P p

(пы)

П п

[p]

 

17  

Q q

(қы)

Қ қ

[q]

 

18  

r

(ры)

Р р

[r]

 

19  

S s

(сы)

С с

[s]

 

20  

T t

(ты)

Т т

[t][u1] 

 

21  

U u

(ұ)

Ұ ұ

 , u]

 

22  

V v

(вы)

В в

[v]

 

23  

Ww

(ў)

У у

[w]

 

24  

X x

(кс)

 КС кс

[x]

 

25  

Y у

(ы)

Ы ы

[ɤ]

 

26  

Z z

(зы)

З з

[z]

 

 

 

 

3-кесте. Қазақ дыбыстарын диграфтармен таңбалау

Дыбыс

Ескі әліпбиде

ХФӘ-нде

Латиница

Түсініктеме

 

(ә)

Ә ә

[æ]

Ae ae

Компьютерлік неміс тіліндегідей

(ө)

Ө ө

[ɵ]

Oe oe

Компьютерлік неміс тіліндегідей

(ү)

Ү ү

(ү)

Ue ue

Компьютерлік неміс тіліндегідей

(ғы)

Ғ ғ

[ɣ]

Gh gh

Ағылшын тіліндегідей

(жы)

Ж ж

[Ʒ]

Zh zh

Ағылшын тіліндегідей

(ың)

Ң ң

[ŋ]

Ng ng

Ағылшын тіліндегідей

(шы)

Ш ш

[ʃ]

Sh sh

Ағылшын тіліндегідей

(чы)

Ч ч

[ʧ]

Ch ch

Ағылшын тіліндегідей

 

 


 

4-кесте. Қазақ елінің гимні

 

Қолданыстағы әліпби

Ұсынылған әліпби

Алтын күн аспаны, 
Алтын дән даласы, 
Ерліктің дастаны, 
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген, 
Даңкымыз шықты ғой. 
Намысын бермеген, 
Қазағым мықты ғой

Altyn kuen aspany,

Altyn daen dalasy,

Erlikting dastany,

Elime qarashy!

Ezhelden er degen,

Dangqymyz shyqty ghoj.

Namysyn bermegen,

Qazaghym myqty ghoj!

 

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің 
 Қазақстаным!

 

Qajyrmasy:

Mening elim, mening elim,

Gueling bolyp egilemin,

Zhyryng bolyp toegilemin, elim!

Tughan zherim mening – Qazaqstanym!

 

Ұрпаққа жол ашқан, 
Кең байтақ жерім бар. 
Бірлігі жарасқан, 
Тәуелсіз елім бар. 
Қарсы алған уақытты, 
Мәңгілік досындай. 
Біздің ел бақытты, 
Біздің ел осындай!

Urpaqqa zhol ashqan,

Keng bajtaq gherim bar,

Birligi zharasqan,

Taewelsiz elim bar

Qarsy alghan waqytty,

Maenggilik dosyndaj,

Bizding el baqytty,

Bizding el osyndaj! 

 

Қазақ елі – мәңгілік ел

 

Qazaq eli – maenggilik el!

 

 


 [u1]Т может быть и альвеоляным в мягких - терезе