Директордың орынбасары

Басып шығару
Категория: Барлық материалдар
Жарияланды 12.10.2014 Автор: Омарбекова А.

ОМАРБЕКОВА ӘСЕЛ САЙЛАУБЕКҚЫЗЫ

 

"Теориялық информатика" кафедрасының доценті, т.ғ.к.

 

 

 Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ сайты профилі

 Білімі  

 Омарбекова А.С.  2000 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін үздік бітірді. 2006 жылы -  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аспирантурасын «05.13.11 – Есептеу машиналарын, кешендерін және компьютерлік желілерді математикалық және программалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша аяқтады. ҚРБҒМ ғылым және білім беру саласындағы бақылау бойынша Жоғары аттестаттау комиссиясы Комитетінің шешімімен  2008 жылы 8 сәуірде техника ғылымдарының кандидаты дәрежесі берілді.

Білім беру саласындағы тәжірибесі

 2000-2003жж. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқытушы қызметін атқарды, 2007-2009жж. – Басқару институтында аға оқытушы қызметін атқарды, 2009-2012жж – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде доцент м.а. болып қызмет етті, 2012 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың қыркүйек айында – Ақпараттық технологиялар факультетінің ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары қызметін атқарды. 

 Программалық қамтамаларды жасау саласындағы тәжірибесі  

 2006–2008жж: «Алтон НС» ЖШС программист болып, 2008-2010жж. - «Алтон НС» ЖШС директорының орынбасары қызметін, 2010–2011жж. -  «Digital life Style» ЖШС бас маманы – программалық қамтама аналитигі қызметін атқарды.

 Ғылыми-зерттеу жұмыстары

 Қазіргі кезде Омарбекова А.С. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, студенттермен және магистранттармен ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша айналысады. 2010 жылы «Сейфуллинские чтения – 6» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференцияда ІІ дәрежелі диплом дәрежесін игерген екі студенттің ғылыми жетекшісі болды. 2010-2012жж. сәтті қорғаған 4 магистранттарға жетекшілік етті. Қазіргі таңда Омарбекова А.С. 2 Ph.D докторанттың,  4 магистранттың және 3 студенттің ғылыми жетекшісі.

 Оның ғылыми қызығушылығы зерделі оқыту жүйесі мен қашықтықтан оқыту технологиясымен байланысты. 2009 жылы «Разработка электронных учебников с использованием современных мультимедийных средств» (гос.тіркелу нөмірі0107РК00377) атты ғылыми-зерттеу жұмыстың жауапты орындаушысы. 2009-2012жж. «Разработка системы дистанционного обучения» (мем.тіркелу нөмірі 0110РК00129) ғылыми-зерттеу жұмыстың жетекшісі. 

2012 жылы «Ақпараттандырудың Ұлттық орталығы» АҚ келісілген шарт бойынша 052 «Білім беру жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету» бюджеттік программасы бойынша электронды оқыту жүйесін нығайту көлемінде дизайн жасау, анимациялар және интерактивті мультимедиалық цифрлы білім беру ресурстарын компьютерлік программалау бойынша қызмет көрсету жұмыс тобында мүше болды. 

Қазіргі кезде:  

1) 055 «Ғылыми және/немесеғылыми-техникалық қызметтер» ("Целевое развитие университетской науки, ориентированной на инновационный результат" программасы) бюджеттік программа бойынша «Методология, алгоритмы и программы генерации электронных учебных изданий»  жобасына бірге жетекшілік етуде.  

 2)  055 «Ғылыми және/немесеғылыми-техникалық қызметтер» программасы бойынша, 101 «Грантовое финансирование научных исследований» ішкі программасы бойынша, 149 «Прочие услуги и работы», по приоритету «Фундаментальные и прикладные исследования в области экономических, социальных и гуманитарных наук»     спецификасы бойынша «Научно-методическое обеспение профессиональной подготовки кадров в контексте реализации основных идей Болонской декларации (на примере специальностей гуманитарного профиля бакалавриата, магитсратуры, докторантуры)» жобасының бас ғылыми қызметкері.

Табыстар

 Омарбекова А.С. т.ғ.д., профессор Шәріпбаев Алтынбек Әмірұлының жетекшілігімен  Электронды оқулық жасауды автоматтандыру технологиясы (ЭО генераторы) жасалды. Әрбір программист емес оқытушы өз контентімен, интерфейсімен, оқыту элементтері құрамдары мен басқару құрылымдарымен бірге ҚР 34.017-2005 «Информационные технологии. Электронное издание. Электронное учебное издание» мемлеткеттік стандартына толықтай сәкес келетін генератор көмегімен ЭО жасай алады.

Осы генератор көмегімен ЕҰУ оқытушыларымен әртүрлі пәндер бойынша электронды оқулықтар жиындары жасалды. Кейбір электронды оқулықтар ЕҰУ Ақпараттық технологиялар факультетінің арнайы сайтында(e-content жобасы)тіркелген.

 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ даму және академиялық саясат Департаменті үшін оқытушыларды тіркеу, оқытушылардың әртүрлі оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие ісі жөнінде, қоғамдық-ұйымдастыру бойынша көрсететін жетістіктерін,  деректерін сақтайтын, электронды сауалнамалау жүйесі жасалды.  Жүйеде тіркелу, жинау, іздеу, фильтрлеу, деректерді таңдау, серверге растайтын құжаттарды жүктеу, есеп берулерді құру сияқты қажет функциялар жасалған. Жүйе 2012 жылдың көктемінде ПОҚ аттестаттауда аппробациядан өтті. Бұл жүйе эксперттік комиссия мен сапаны бағалау бөлімі жұмыстарын тиімділеді. Қазіргі кезде жүйе үнемі толықтырылып отыратын университет оқытушылары жетістіктері деректерінің қорына тұтас қызмет етеді. 

Сонымен қатар, Омарбекова А.С. ҚР білім және ғылым министрлігінің, ҚР ақпарат және мәдениет министрлігінің, ҚР қаржы министрлігінің, «Ұлттық апараттық технологиялар» АҚ, «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ұлттық компаниясының тапсырысы бойынша мультимедиалық оқыту жүйесін жасаумен байланысты жобаларды жасауға қатысты.

             Марапаттаулар

Қазақстанның ғылыми жұмысшыларының кәсіби күні Омарбекова А.С. ЕҰУ ректоры Сыдықов Ерлан Батташұлының грамотасымен университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды.

 Ғылыми қызығушылығы

 Зерделі оқыту жүйелері, қашықтықтан оқыту, программалар генераторлары.

 Мақалалары

100-ден аса   научнығылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері, соның ішінде 4 оқулық (1 ҚР БҒМ ұсынысмен), 14 оқу құралдары (1 ҚР БҒМ Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі ұсынысмен), 13 мақала ҚР БҒМ ғылым және білім беру саласында Комиттің  аттестаттауы және бақылауы бойынша ғылыми журналдарға ұсынылған, 26 зерделі меншік объектілерінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктер, 38 шет елдік, республикалық конференциялар баяндамалары. ҚР СТ 34.017-2005 «Ақпараттық технологиялар. Электронды басылымдар. Электронды оқу баспасы» мемлекеттік стандартының бірге жетекшілік етушісі.

Счетчик посещений

698371
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
282
407
1511
693238
8441
15572
698371
Ваш IP: 54.82.119.116
Время: 2019-04-18 20:21:48
Счетчик для Joomla
Copyright 2011 Директордың орынбасары. Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева Казахстан, Астана, ул. Пушкина, 11, кабинет 511. Телефон: +7 7172 709514 E-mail: sharalt@mail.ru
Joomla Templates by Wordpress themes free