Басты бет

Басып шығару
Категория: Барлық материалдар
Жарияланды 12.10.2014 Автор: Омарбекова А.

Қоғамды ақпараттандырудағы басты мәселердің бірі шынайы әлем процестері мен объектілері бейнелерін өзіндік үйрену мүмкіндігімен танитын, жобалайтын, синтездейтін, олар туралы толық әрі нақты емес деректерден заңдылықтар орнататын, шешімдер қабылдап және басқа да зерделі әрекеттер орындайтын жасанды зерде жүйесін құру және нығайту.

    Біздің елімізде e-governement, e-learning, e-medicine және т.б. қолданушы интерфейсі бар, жазбаша, сол сияқты ауызша түрде қазақ тілінде, орыс тілінде немесе басқа да тілдерде сөйлесе алатын зерделі ақпараттық жүйелерді дамыту жоспарлануда. Ол үшін жасанды зерде саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды сапалы орындай алатын қабілеттері бар біліктіліктері жоғары мамандандарды талап етеді. 

    Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректорының бұйрығымен 2012 жылы студенттер, магистранттар, доктаранттарды осы жасанды интеллект саласында нақты ғылымға және инновациялық жұмыс істеуге тартатын, сондай–ақ, университеттің талантты жас мамандарын топтастыратын «Жасанды интеллект» атты Ғылыми-зерттеу институты құрылды.