Директор

Басып шығару
Категория: Барлық материалдар
Жарияланды 12.10.2014 Автор: Омарбекова А.

ШАРИПБАЕВ АЛТЫНБЕК АМИРОВИЧ

 

т.ғ.д., «Информатика, есептеу техникасы және басқару» мамандығы бойынша профессор, Халықаралық ақпараттандыру Академиясыныңакадемигі, Қазақстан Республикасының педагогика ғылымдары  Академиясының академигі.

  Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ сайты профилі

 

Білімі.

 Ол 1974 жылы С.М. Киров атындағы  ҚазМУ-ді  "Қолданбалы математика" мамандығы бойынша бітірді, ал 1981 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ-ң аспирантурасын "Есептеу машиналары, жүйелері және желілерінің математикалық және программалық қамтамасы" мамандығы бойынша аяқтады.  1989 жылы М. Тореза атындағы ШТ ММИ «Француз тілі» курсын, ал 1990 жылы  Поль Валерий университеті (Франция)  ғылыми тағылымдамасын өтті.

Ғылыми атағы, дәрежесі.

 «Информатика, есептеу техникасы және басқару» мамандықтар тобы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты,  техника ғылымдарының докторы,  профессор,  Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Қазақстан Республикасының педагогика ғылымдары  академиясының академигі7

Жұмыс орны.

 1974-1975 жж.  ҚазМУ-де  математик-программалаушы; 1975-1981жж. ММУ стажер-зерттеуші, аспирант;  1981-1992жж. ҚазМУ-де ассистент, доцент,  кафедра меңгерушісі; 1992 -1997жж. – ҚР ҰҒА Информатика мен басқару проблемалар институтында зертхана меңгерушісі; 1997-1998жж. ҚазМАУ кафедра меңгерушісі; 1998-2000 жж. Ақапараттық технологиялар орталығының директоры; 2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ кафедра меңгерушісі, профессоры, «Жасанды интеллект» ғылыми-зерттеу институтының директоры. 

 Ғылыми қызметтері.

 Информатика саласында ол продукциялық және логикалық программалау тілдерінің семантикаларын формалдады,  программалық және аппараттық құралдарды верификациялау әдістері мен алгоритмдерін құрды. Осы зерттеулер негізінде 1982 жылы «Символдық процессор тілінде программаның бөліктелген верификациясы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын, ал 1996 ж. – «Есептеу машиналары мен жүйелерінің программалық және аппараттық құралдары верификациясы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Оның ғылыми нәтижелері КСРО ірі ғылыми орталықтарына енгізілді: 1976-1981жж. - «Ғарыштық жүйелерді имитациялау тілінің трансляторы» Жуковск қаласындағы Ұщу-сынау институтында; 1988-1989жж. - «Цифрлық сұлбаларды верификациялау жүйесі» Зеленоград қ. Ғылыми-өндіріс орталығы; 1990-1991жж. - «Көппроцессорлы есептеу комплексі үшін параллельді программалау жүйесі» Москва қ. Электрондық есептеу техникасының халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы.

  Жасанды интеллект және компьютерлік лингвистика саласында ол қазақ тілінің математикалық теориясын жасады, қазақ тілінің жазбаша және ауызша сөйлеурін талдау мен синтездеу технологиялары және  интеллектуалды оқыту басылымдарын жасау технологияларын даярлады. Бұл жұмыстардың ғылыми нәтижелері 2002-2006 жылдары әртүрлі мекемелерде ендірілген және олар қазақ тілін және ісжүгізуді қашықтықтан оқыту жүйесін,  орта және жоғарғы білім берудің көптеген пәндерері бойынша  мультимедиалық оқыту программасын және тағы басқа компьютерлік программаларын жасау үшін қолданылды. 

  Ақпараттық технологиялар саласында ол әртүрлі автоматтандырылған жүйелер жасады. Соның ішінде, «Құнды қағаздардың автоматтандырылған депозиттік жүйесі» 1992-1994 жылдары Алматы қ. Мемлекеттік мүлік департаменті және акционерлік қоғамдарда ендірілді;  «Коммуналдық төлемдерді есептеудің автоматтандырылған жүйесі» 1994-1998 жалдары Алматыдағы қалалық коммуналды шаруашылық комитетінде және көптеген Пәтерлер меншіктерінің кооперативтерінде ендірілді; «Сайлаудың автоматтандырылған жүйесі» 1997-1998 жылдары Алматы қ. Бостандық ауданының әкімшілігінде ендірілді; «Есеп комитетінің автоматтандырылған ақпараттық қоры» 2003-2005 жылдары ҚР Есеп комитетінде ендірілді; «Электронды оқу баспаларының автоматтандырылған жүйесі» 2003-2005 жылдары бірнеше орта мектептер мен жоғарғы оқу орындарында ендірілді.

  Ол 300-ден астам ғылыми мақалалар, 7 оқулық және 13 оқу құралдарын шығарды, 3 монография және  4 терминологиялық және түсіндірме сөздіктер. Көптеген мемлекеттік стандарттарды жасауда қатысты: 10 – ақпараттық технологиялар саласында, 2 – лингвистика бойынша, 9 – білім беру саласында.

 Ғылыми кадрлерді даярлау.

 Ол «05.13.00 - Информатика, есептеу техникасы және басқару» мамандықтар тобы бойынша 5 ғылым докторын, 8 ғылым кандидатын және «6D060200 - Информатика» мамандығы бойынша 6 PhD дайындады.

Мемлекеттік марапаттаулары.

 2001 ж. - Қазақстан Республикасының білім беру, ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  болды;

2003 ж. - ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін медалі берілді;

2005 ж. және 2010 ж. ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері болды;

2015 г. - «20 лет Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» Юбилейлік медалі берілді.

 

Халықаралық ынтымақтастық.

Алыс шетелдердің ғылыми орталықтарының шақырулары бойынша дәріс оқу мен ғылыми  ынтымақтастық үшін ол келесі елдерге барып қайтты:

1989 ж. – Болгария; 1990 ж., 1996 ж., 2015 – Франция; 1993 ж., 2010 ж., 2014 ж. – КНР; 1998 ж., 2015 ж. – Германия; 1999 ж., 2008 ж., 2013 ж., 2015 ж. – Түркия; 2003 ж., 2015 ж. –  Тайланд; 2006 ж. – Израиль; 2006 ж. – Ұлыбритания; 2007 ж. – Мальта, 2012 ж. – Жапония, 2013 ж. – Корея, 2013 ж. – Италия.

Copyright 2011 Директор. Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева Казахстан, Астана, ул. Пушкина, 11, кабинет 511. Телефон: +7 7172 709514 E-mail: sharalt@mail.ru
Joomla Templates by Wordpress themes free