Қазақ әіпбиін 3-Жобасы

Печать
Категория: Материалы
Дата публикации Автор: Омарбекова А.

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ

Алтынбек Шәрпібай,

т.ғ.д., профессор, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты

 

Қолданатын негізгі ұғымдар мен таңбалау:

Фонема – сөз мағыналарын түрлендіре алатын және әліпбиде жеке таңбаланатын ең кіші фонетикалық бірлік.

Аллофон – сөз мағыналарын түрлендірмейтін және әліпбиде өзіне үндес фонеманың таңбасымен таңбаланатын ең кіші фонетикалық бірлік.

Диграф – дыбысты таңбалайтын екі таңба тіркесі, ол әліпби элементі емес, орфографиялық ереже болады және бөлінбей тек бір буында жазылады (мысалы, Ae, Oe, Ue, Sh, Ch).

Диакритика – әрпілердің үстіне немесе астына әртүрлі белгілер қосу арқылы үндес дыбыстарды белгілеу (мысалы, Á, À, Â, Ä, Ń, Ņ, Ṋ, Ś, Ŝ, Ş, Š).

Орфография – сөздерді жазу емлелерінің жүйесі.

Қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына көшірудің 1-ші жобасы 11.09.2017 күні, 2-ші жобасы 26.10.2017 күні, ал 3-ші жобасы  20.02.2018 күні жарияланды. 1-жоба мен 2-жобадығы қателер мен қайшылықтардан қалай айырылуға болатындығы туралы мақаламды ҚР Президентіне, ҚР Республикасының Сенатының төрағасына, ҚР Мәжілісінің төрағасына, ҚР Премьер-Министріне, ҚР Білім және ғылым министріне, ҚР Мәдениет және спорт министріне, «Нұр Отан» партиясына 05.12.2017 күні жолдағанмын: http://www.e-zerde.kz/latin/Papers/Latin_kaz.pdf,

1-кесте. 20.02.2018 күні жарияланған қазақ тілі әліпбиінің 3-жобасы.

 

Бұл жобада қазақ тілінің 32 фонемасы және 2 аллофоны 23 латын әрпімен, 6 диакритикалық таңбамен және 2 диграфпен  таңбаланған. Мұнда латынның 3 әрпі Cc, Ww, Xx қолданылмай қалған.

Жобадағы қателер мен қайшылақтарды көрсету үшін дөңгелек жақшаның ішіне қазақ тіліндегі дыбыстың атауын, ал тік жақшаның ішіне оның халықаралық әліпбидегі таңбасын жазайық, сонда:

 

  1. Әліпбидегі 

I ɪ

[и], [й]

жазбасы,  дауысты  (и) - [i]  фонемасының

аллофоны дауыссыз   (й) - [j]   фонемасы болып  тұр  деген  болады.  Бұл қате:

         

- дауысты фонеманың аллофоны ретінде сөз мағыналарын өзгертпейтін дауысты дыбыс ғана болады;

- кирилл жазуындағы сөздің құрамында (и) - [i] және (й) - [j] дыбыстары қатар кездесетін жағдайда, сөзді дұрыс жаздырмайды, мысалы, «кадмий = kadmii», «литий = litii»«осмий = osmii», «цезий = cezii».

  1. Әліпбидегі

Ý ý

[у]

жазбасы, орыс тілінен кірген дауысты (у) – [u]  

фонемасы латынның Yy әрпімен таңбаланған қазақ тілінің дауысты (ы) - [ɤ] фонемасымен үндес болады деген болады. Бұл қате, себебі (ы) езулік дыбыс, ал (у) еріндік дыбыс.

  1.  Қазіргі қолданыстағы әліпбиде Ии және Уу әрпілермен сәйкес таңбаланған орыс тілінен енген дауысты (и) және (у) дыбыстары қазақ тілінің төл сөздерінің орфографиясында қайшылықтар тудырды. Мысалы, қазіргі қазақ жазуында (и) және (у) дыбыстарына аяқталатын «би - [bi]», «ми - [mi]»,  «бу - [bu]», «гу - [gu]», «жалау - [Ʒɑlɑu]», «тау- [tɑu]» сияқты сөздердің тәуелдік жалғауларының 3-ші жағында «би+і», «ми+і»,  «бу+ы», «гу+і», «жалау+ы», «тау+ы» болады. Бұлар “Қазақ тілінде тәуелдік жалғауларының 3-ші жағында дауыссызбен аяқталатын сөздерге «ы» немесе «i» жалғауы, ал дауыстыға аяқталатын сөздерге «сы» немесе «сі» жалғауы жалғанады” деген морфологиялық ережеге қайшы келеді. Егер (и) және (у) дыбыстарын дауыссыз деп есептесек, онда  «би», «ми», «бу», «му»,  «бу», «гу»деген сөздерде бір де буын болмайды. Бұдан орфографиялық емле немесе тәуелділік жалғау туралы морфологиялық ереже жұмыс істемейді деген шығады. Әрине, кезкелген ереженің бірде жұмыс істеп, ал бірде  жұмыс істемеуі дұрыс емес. 
  2. Диграф  Sh sh кирилл жазуындағы сөздің құрамында (сы) - [s] және (хы) - [h] дыбыстары қатар кездесетін жағдайда, сөзді дұрыс жаздырмайды, мысалы, «асхана = ashana (ашана)», «Aсхат = Ashat (Ашат)», «Жеңісхан = Jeńishan (Жеңішан)», «Күмісхан = Kύmishan (Күмішан)», «Шыңғысхан = Shyńġyishan (Шыңғышан).

Жалпы қазақ тілінің кезкелген әліпбиін құрған кезде орфографиялық және морфологиялық қайшылықтарды тудыратын ешбір қателер жібермеу керек. Бұл әліпбиге қойылатын басқа (ыңғайлылығы, ұтымдылығы және басқа) талаптардың бәрінен маңызды. Бірақ жоғарыда қазақ тілінің қолданыстағы кирилл графикасындағы әліпби де және ресми ұсынылған латын графикасындағы үш әліпби де қате екендігі дәлелденді, яғни олардың барлығы қолдануға жарамайды. Сондықтан төменде қазақ тілінің латын графикасындағы жаңа жобасы ұсынылады.

Латын графикасындағы жаңа әліпби қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне негізделуі және бәсекелестік қабілеттігін қамтамасыз етуі қажет. Бұл қазақ тілін кешенді реформалауды талап етеді, яғни оның дыбыстық жүйесін, орфографиясын және орфоэпиясын нақтылауды талап етеді.

Қазіргі қазақ тілінің дыбыстық жүйесінде 40 дыбыс бар, солардың ішінде  қазақтың 28 төл және 12 кірме дыбысы бар.

Кірме дыбыстардың ішінде 2 дауысты Ии - (и), Уу - (у) және 5 дауыссыз Вв - (вы), Фф - (фы), Хх - (хы), Цц - (цы), Чч - (чы) дыбыстары   адамның тегін, жер атын және халықаралық терминдерді жазғанда пайдаланылып, қазақ тіліне етене еніп кетті. Мысалы, Вагнер, вагон, вакуум, вектор, вето, викторина, вирус, вольт, Иванов, интернет, инвестор, институт, университет, универсам, факт, файл, физика, факультет, федерация, филармония, фонетика, Форд, формула, функцияғ, Хинчин, хлор, Хомский, Хонекер, Хорватия,  хром, хроника, Цандер, Царев, цезий, Цезарь, Цейлон, цемент, цензура, центр, циклотрон, циклон, цилиндр, Циолковский, циркуль, Цой, цунами, Цхай, Цюрих, Чад, Чайковский, Чаплин, Чарджоу, Челюскин, Черногория, Чехия, Чикаго, Чили, Чита, Чкалов, Чуваш. Бұл дыбыстардың қазақ тіліне терең енгендігі соншама, тіпті қазақ тілін ана тілім дегендердің артикуляциялайтын (дыбыстайтын) сөйлеу органдары осыларға бейімделіп кетті. Осы кірме дыбыстардың барлығы жұрнақтар мен жалғаулардың құрамына кірмейді де, жаңа сөзжасамдарға және сөзпішіндерге қатыспайды. Сондықтан оларды қазақ тілінің жаңа әліпбиін құрғанда пайдалану керек. Одан қазақ тілі зардап шекпейді, керісінше олар халықаралық терминдердің айтылуы мен жазылуын олардың түпнұсқада айтылуына және жазылуына жақындатуға көмектеседі.

  Сонымен, жаңа реформаға қазақ тілінің 35 дыбысы қатысады:

- 9 дауыстыфонема мен 2 дауысты аллофон(а) - [ɑ], (ә) - [æ], (е) - [е],    (o) - [ɔ], (ө) - [ɵ], (ұ, у) - [ʊ, u], (ү) -  [ʏ], (ы) - [ɤ], (і, и) - [ɪ, i], мұнда аллофондар қызылмен боялған;

- 24 дауыссыз фонема (бы) - [b], (вы) - [v], (ғы) - [ɣ], (гі) - [g], (ды) - [d], (кі) - [k], (қы) - [q], (жы) - [Ʒ], (зы) - [z], (й) - [j], (ыл) - [l], (мы) - [m], (ны) - [n],        (ың) - [ŋ], (пы) - [p], (ыр) - [r], (сы) - [s],  (ты) - [t], (уа) - [w], (фы) - [f], (хы) - [h], (цы) - [tc], (чы) - [tʃ], (шы) - [ʃ].

Қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиін құрмастан бұрын мынадай маңызды жағдайларға көңіл аудару керек:

  1. Қолданыстағы әліпбиде Ии әрпімен таңбаланған орыс тілінен енген дауысты (и) дыбысы кірме сөздерде кездеседі және оларды айтқанда  бұл дыбыс қазақтың төл дауысты фонемасы (i) сияқты дыбысталады. Сондықтан, егер орыс тілінің (и) дыбысын қазақтың (і) фонемасының аллофоны деп қабылдасақ, оларды бір Іі латын әрпімен таңбалауға болады. Бұл қазақ тілінің орфографиясында қайшылық тудырмайды және кірме сөздердің латынша жазуын олардың түпнұсқаларына жақындатады,  мысалы, интернет (інтернет) = internet, инвестор (інвестор) = investor,  институт (інстітут) = institut, депозит (депозіт) = deposit, мұнда дөңгелек жақшада сөздің қазақ тіліндегі дыбысталуы берілген.
  2. Қолданыстағы әліпбиде Уу  әрпімен белгіленген орыс тілінің дауысты дыбысы (у) кірме сөздерде кездеседі және оларды айтқанда  бұл дыбыс қазақтың төл дауысты фонемасы (ұ) сияқты дыбысталады. Сондықтан, егер орыс тілінің дауысты (у) дыбысын қазақтың дауысты (ұ) фонемасының аллофоны деп қабылдасақ, онда оларды латынның Uu әрпімен таңбалауға болады. Бұл қазақ тілінің орфографиясында қайшылық тудырмайды және кірме сөздердің латынша жазуын олардың түпнұсқаларына жақындатады. Мысалы,«универсам (ұниверсам) = universam»,«университет (ұниверситет) = universitet»,  «формула (формұла) = formula».
  3. Қазақ тілінде қолданыстағы әліпбиде таңбаланбаған дауыссыз дыбысы (уа) барекендігін ескеру керек. Бұл дыбыс орыс тілінде жоқ, бірақ ол ағылшын тілінде бар және халықаралық фонетикалық әліпбиде[w] болып таңбаланады. Сондықтан Ww латын әрпімен қолданыстағы кирилл әліпбиінде таңбаланбаған қазақтың дауыссыз (уа) дыбысын таңбалау керек. Жоғарыда көрсетілген орфографиялық қайшылықтардан құтылдыратын және буынға дұрыс бөлуді қамтамасыз ететін мыналарды ескеру керек:

-     дауысты дыбыстан кейін тікелей келетін орыс тілінің дауысты (у) дыбысын  қазақтың дауыссыз (уа) дыбысына ауыстырып жазу керек. Мысалы, алау = alaw, ауа = awa, жалау = jalaw,  тау = taw;

-     дауыссыз дыбыстан кейін жазылған орыс тілінің дауысты (у) дыбысын буынның жуандығына немесе жіңішкелігіне байланысты оған үндес қазақтың дауысты (ұ) немесе (ү) фонемасы мен (уа) - [w] дауыссыз  фонемасын тіркестіріп жазу керек. Мысалы, жоғарыдағы сөздер былай болады: бу =[buw], гу = [qʏw], ну= [nuw], су= [suw], ту = [tuw].

  1. Базалық латын (ағылшын) әліпбиі 26 әрпіден тұрады, ал қазақ тілінде жеке таңбалатын 33 фонема бар. Бұл жағдайда қазақ тілінің латын графикасы негізінде жаңа әліпби құрудың 2 жолы бар:

1)  базалық латын әліпбиінің 26 әрпін пайдаланып, ал әрпі жетпеген дыбысты осы әрпілер негізінде диакритикалық таңбалар арқылы әліпби құру.

2)  Базалық латын әліпбиінің 26 әрпін пайдаланып, ал әрпі жетпеген дыбысты қазақтың жай сөзінде қатар кездеспейтін 2 әрпіден құралған диграфтар арқылы әліпби құру.

Диакритикалық таңбалар арқылы әліпбиді  құрған кезде осы таңбалардың бірнеше түрлері бар екендігін ескеру керек. Мысалы, Ń, Ǹ, Ň, Ṇ, Ņ, Ṉ,  Ṋ. Осылардың ішінде Ń түрі шрифтерде (компьютерлік қаріптерде)) ең көп тарағаны болады. Сондықтан, базалық латын әліпбиінің әрпі жетпеген дыбыстардың бәрін осы типті диакритиканың астына таңбаланатын дыбыстарға үндес дыбыстарды таңбалайтын әрпілерді алу керек, ол төмендегі 1-кестеде көрсетілген.

Бұл әліпби қазақ тілінің жазуында ешқандай орфографиялық қайшылық тудырмайды, бірақ өте тиімсіз және қазақ тілінің бәсекелестік қабілетін дамытпайды. Себебі, дүние жүзінде шығарылатын барлық электрондық құрылғылар (компьютерлер, телефондар, роботтар  және басқалар)  базалық латын әліпбиін қолдайды, ал  оған кірмеген диакритикалық таңбалар үшін олардың әрбір жаңа буынында қосымша жұмыс пен шығынды талап ететін арнайы пернетақта (клавиатура), шрифтер мен олардың драйверлерін және деректерді сұрыптау мен іздеу программаларын жасап отыру керек. Егер кейбір электрондық құрылғыларда айтылған қосымшалар жоқ болса, онда қазақ тілі тіпті қолданылмайды немесе диакритикалық таңбалармен берілген кейбір дыбыстардан айырылып қалу қауіпі бар. 

1-кесте. Қазақ тілінің әліпбиінің 3-жобасының түзетілген түрі

Латын әрпі

Дыбыс атауы

ХФӘ

 

 

Кирилл

Әрпі

Латын әрпі

Дыбыс атауы

ХФӘ

 

 

Кирилл

Әрпі

1

A a

(а)

[ɑ]

А а

18

O o

(o)

[ɔ]

О о

2

Á á

(ә)

[æ]

Ә ә

19

Ó ó

(ө)

[ɵ]

Ө ө

2

B b

(бы)

[b]

Б б

20

P p

(пы)

[p]

П п

4

C c

(сы) 

[tc]

Ц ц

21

Q q

(қы)

[q]

Қ қ

5

D d

(ды)

[d]

Д д

22

R r

(ры)

[r]

Р р

6

E e

(е)

[е]

Е е

23

S s

(сы)

[s]

С с

7

F f

(фы)

[f]

Ф ф

24

T t

(ты)

[t]

Т т

8

G g

(гі)

[g]

Г г

25

U u

(ұ), (у)

[ʊ, u]

Ұ ұ, Уу  

9

H h

(ғы)

[ɣ]

Ғ ғ

26

Ú ú

(ү)

[ү]

Ү ү

10

I ı

(ы)

[ɤ]

Ы ы

27

Ćć

(чы)

[tʃ]

Ч ч

11

İ i

(і), (и)

[ɪ, i]

І і, Ии

28

Ś ś

(шы)

[ʃ]

Ш ш

12

J j

(жы)

[Ʒ]

Ж ж

29

V v

(вы)

[v]

В в

13

K k

(кі)

[k]

К к

30

W w

(уа)

[w]

 

14

L l

(ыл)

[l]

Л л

31

X x

(хы), (хі)

[x, h]

Хх, Һһ

15

M m

(мы)

[m]

М м

32

Y y

 (й)

[j]

(Йй )

16

N n

(ны)

[n]

Н н

33

Z z

(зы)

[z]

З з

17

Ń ń

(ың)

[ŋ]

Ң ң

 

 

 

 

 

Керісінше 26 әрпілік базалық латын әліпбиі негізіндегі жаңа әліпбиі оның бәсекелестік қабілеттігін дамытады және қолдану аясын кеңейтеді, себебі әліпби ресми қабылданған күннен бастап қазақ тілін компьютерлік өңдеу (сөйлеу, машиналық аудару, машиналық оқыту, зор деректерді өңдеу және тағы басқа) технологияларын іске асыру қосыла бастайды және дүние жүзіндегі кезкелген мемлекетте қазақ тілінде ешқандай қосымшасыз ақпараттық технологияларды жасап немесе қолдануға болады.

Цифрлық ресурстардың көлемдері өте жылдам өсіп жатқандығын және әлемдік қауымдастықта ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қолдану аясы кеңейіп баратындығын ескере отырып, ғаламдық ақпараттық кеңістікте бір ғана базалық латын әліпби пайдалану ұсынылып, ұлттық әліпби таңбаларын базалық латын әліпбине транслитерациялау стандарттары жаппай шығуда.

Осыларды ескеріп базалық латын әліпбиінің 26 әрпін пайдаланып, ал әрпі жетпеген дыбысты қазақтың жай сөзінде қатар кездеспейтін 2 әрпіден құралған диграф арқылы таңбалау 3-кестеде ұсынылады.

3-кесте. Қазақ тілінің әліпбиінің диграфтармен берілген жобасы

Латын әрпі

Дыбыс атауы

ХФӘ

 

 

Кирилл

Әрпі

Түсіндірме

1        

A a

(а)

[ɑ]

А а

 

2

Ae ae

(ә)

[æ]

Ә ә

saebiz - [sæbɪz]

3

B b

(бы)

[b]

Б б

 

4

C c

(сы) 

[tc]

Ц ц

Қазақ тіліне кірме дыбыс

5

D d

(ды)

[d]

Д д

 

6

E e

(е)

[е]

Е е

 

7

F f

(фы)

[f]

Ф ф

 

8

G g

(гі)

[g]

Г г

 

9

Gh gh

(ғы)

[ɣ]

Ғ ғ

ghalym - [ɣɑlɤm]

10

I i

(і), (и)

[ɪ, i]

І і, Ии

(і) – фонема, (и) – аллофон

11

J j

(й)

[j]

Й й

Дауыссыз фонема

12

K k

(кі)

[k]

К к

 

13

L l

(ыл)

[l]

Л л

 

14

M m

(мы)

[m]

М м

 

15

N n

(ны)

[n]

Н н

 

16

Ng ng

(ың)

[ŋ]

Ң ң

kuenggi - [kүŋgi]

17

O o

(о)

[ɔ]

О о

 

18

Oe oe

(ө)

[ɵ]

Ө ө

oemir - [ɵmir]

19

P p

(пы)

[p]

П п

 

20

Q q

(қы)

[q]

Қ қ

 

21

R r

(ры)

[r]

Р р

 

22

S s

(сы)

[s]

С с

 

23

T t

(ты)

[t]

Т т

 

24

U u

(ұ), (у)

[ʊ, u]

Ұ ұ, Уу  

(ұ) – фонема, (у) – аллофон

25

Ue ue

(ү)

[ү]

Ү ү

uemit - [үmɪt]

26

Ch ch

(чы)

[tʃ]

Ч ч

chip- [tʃɪp]

27

Sh sh

(шы)

[ʃ]

Ш ш

shar - [ʃɑr]

28

V v

(вы)

[v]

В в

vektor – [vektor]

29

W w

(уа)

[w]

 

wagon – [wagon]

30

X x

(хы), (хі)

[x, h]

Хх, Һһ

(хы) – фонема, (хі) – аллофон

31

Y y

(ы)

[ɤ]

(ы)

qyrmyzy – [qɤrmɤzɤ]

32

Z z

(зы)

[z]

(з)

 

33

Zh zh

(жы)

[Ʒ]

Ж ж

zhanga - [ʒɑŋɑ]

 

Мұнда, егер сөздің кирилл жазуында (гі) дыбысының алдында (ны) дыбысы тікелей кездессе, онда осы сөздің латынша жазуында (гі) дыбысын таңбалайтын Gg әрпін қосарлау керек. Мысалы, күнгі = күңгі = ku`nggi», «сенген = сеңген = senggen», «келінге = келіңге = kelingge»”.

Счетчик посещений

610561
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
611
856
2924
604510
7794
13697
610561
Ваш IP: 54.196.190.32
Время: 2018-11-15 14:24:29
Счетчик для Joomla
Copyright 2011 Главная. Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева Казахстан, Астана, ул. Пушкина, 11, кабинет 511. Телефон: +7 7172 709514 E-mail: sharalt@mail.ru
Joomla Templates by Wordpress themes free