Категория: Барлық материалдар
Жарияланды 12.10.2014
Автор: Омарбекова А.
«Теоретическая информатика» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., PhD докторы, доцент.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ сайты профилі
Білімі
2004 ж.Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша (үздік) бітіріп, «ақпараттық жүйелер инженері» квалификациясы берілді; 2006 ж. «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистратураны (үздік) бітірді; 2010 ж. «05.13.11 – Есептеу машиналарын, кешендерін және компьютерлік желілерді математикалық және программалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады; 2010 ж. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ph.D. доктарантурасын аяқтап, «05.13.00 – Информатика, есептеу техникасы және басқару» мамандығы бойынша диссертациясын қорғады.
Кәсіби тәжірибесі
2004 ж. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушысы, 2006 ж. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Есептеу техникасы» кафедрасының оқытушысы, 2007 ж. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Есептеу техникасы» кафедрасының аға оқытушысы, 2010 ж. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Есептеу техникасы» кафедрасының доценті, 2011-жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Теориялық информатика» кафедрасының меңгерушісі.
Ғылыми еңбектері
Томск, Новосибирск журналдарына және ҚР БҒМ БҒСБК құрамындағы журналдарда 20–дан астам ғылыми жарияланымдары баспаға шықты.
Ғылыми қызығушылығы
Жасанды зерде (Artificialintelligence); Сөйлеуді тану, жаратылыстану-тілдері тексттерін өңдеу (Speechrecognition, Naturallanguageprocessing); Компьютерлік лингвистика (Computerlinguistics); Ақпараттарды кодтау (Informationcoding)
БЕКМАНОВА ГУЛЬМИРА ТЫЛЕУБЕРДИЕВНА