Табыстар

Категория: Барлық материалдар

Жарияланды 12.10.2014

Автор: Омарбекова А.

 

 

Институттың қызметкерлері келесі теориялық және тәжірибелік нәтижелер алды:

 

- сөйлеуді автоматты түрде өңдеу үшін қазақ тілінің фонетикалық қатарларының математикалық моделі құрылды;

 

- морфологиялық талдауды автоматтандыру үшін қазақ тілінің морфологиялық ережесінің математикалық моделі құрылды;

 

- синтаксистік талдауды автоматтандыру үшін қазақ тілінің синтаксистік ережесінің математикалық моделі құрылды;

 

- динамикалық уақытша қатарларды қолдана отырып шектелген сөздіктің жеке қазақ сөздерін тану алгоритмі жасалды;   

 

- мәтіннен қазақша сөйлеуді синтездеу алгоритмдері жасалды; 

 

- өнімділік программалау тілі семантикасын рәсімдеу спецификациялаудың логикалық тілі құрылды;

 

- программа верификациясының шарттарын комбинациялы цифрлық сызбаларға тұжырымдау үшін спецификациялаудың логикалық тілі құрылды;

 

- графикалық ақпараттарды тануда жасалынған нейрожелілік модельдер және алгоритмдер;

 

- ақырғы автоматтар модельдері және криптографиялық хаттамалар мен процессорлар алгоритмдері;

 

- бұлдыр математика негізінде ақпараттық қауіпсіздік қатерін бағалаудың модельдері мен алгоритмдері жасалынды;

 

- мемлекеттік стандарттар мен электронды оқулықтар құрудың автоматтандырылған технологиялары жасалынды.