Категория: Барлық материалдар
Жарияланды 12.10.2014
Автор: Омарбекова А.
Институттың қызметкерлері келесі теориялық және тәжірибелік нәтижелер алды:
- сөйлеуді автоматты түрде өңдеу үшін қазақ тілінің фонетикалық қатарларының математикалық моделі құрылды;
- морфологиялық талдауды автоматтандыру үшін қазақ тілінің морфологиялық ережесінің математикалық моделі құрылды;
- синтаксистік талдауды автоматтандыру үшін қазақ тілінің синтаксистік ережесінің математикалық моделі құрылды;
- динамикалық уақытша қатарларды қолдана отырып шектелген сөздіктің жеке қазақ сөздерін тану алгоритмі жасалды;
- мәтіннен қазақша сөйлеуді синтездеу алгоритмдері жасалды;
- өнімділік программалау тілі семантикасын рәсімдеу спецификациялаудың логикалық тілі құрылды;
- программа верификациясының шарттарын комбинациялы цифрлық сызбаларға тұжырымдау үшін спецификациялаудың логикалық тілі құрылды;
- графикалық ақпараттарды тануда жасалынған нейрожелілік модельдер және алгоритмдер;
- ақырғы автоматтар модельдері және криптографиялық хаттамалар мен процессорлар алгоритмдері;
- бұлдыр математика негізінде ақпараттық қауіпсіздік қатерін бағалаудың модельдері мен алгоритмдері жасалынды;
- мемлекеттік стандарттар мен электронды оқулықтар құрудың автоматтандырылған технологиялары жасалынды.